Экономика

Өңдеу өнеркәсібі 5,1 пайызға өсті – Шарлапаев

Қанат Шарлапаев © Sputnik / Санат ИмангалиевЖазылу

АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі 5,1%-ға өсті. Бұл туралы үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады.Оның айтуынша, қара және түсті металлургияда, химия, машина жасау салаларында және жиһаз өндірісінде оң динамика байқалады.Жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында өсімді қамтамасыз ету жоспарлануда. Отандық өндірісті қолдау үшін бірқатар заңнамалық өзгеріс қабылданды.»Мемлекеттік сатып алуда басымдығы бар отандық тауарлардың тізбесі кеңейтілді. Оффтейк-келісімшарттар жасасу тетігі пысықталды. Объектілерді салу кезінде мемлекеттік бюджет есебінен қазақстандық өндірістің тауарларын пайдалану бойынша бақылау енгізілді», – деді Қанат Шарлапаев.ҚПҚ жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында отандық тауарларды жеткізуге шарттар жасасу, көмірсутегі шикізаты және уран жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында отандық тауарларды сатып алу бойынша талаптар белгіленді.»Табиғи монополиялар субъектілері үшін конкурстық өтінім бағасын 10% төмендету есебінен отандық тауарларды басым сатып алу белгіленген. Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларында ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу шарттары жетілдірілді», — деп толықтырды министр.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button