Экономика

2025 жылы жалпы ішкі өнім өсімі 5,6%-ті құрайды

Монеты, архивное фото© Sputnik / Владислав ВодневЖазылу

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты үш даму сценарийі барАСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Үкіметтің бүгінгі отырысында маңызды заң жобалары қаралды , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министрлер кабинеті 2025-2027 жылдары ұлттық қордан бюджетке аударылатын трансферт пен 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы заң жобаларын талқыға салды. Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты үш даму сценарийі (базалық, оптимистік және пессимистік) бар. “Базалық сценарийде мұнайдың орташа бағасы барреліне $75 деңгейінде ұсынылады. 2025 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі болжам бойынша 5,6%-ды, ЖІӨ-нің 5 жылдағы орташа жылдық өсімі 5,4%-ды құрайды. Номиналды ЖІӨ 2025 жылы 150,8 трлн теңгеден 234,2 трлн теңгеге немесе 2029 жылы $498,4 млрд дейін өседі, бұл мемлекет басшысының экономика көлемін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте экономиканың барлық салаларында өсім күтілуде”,— дейді Байбазаров. Үкімет мүшелері заң жобалары бойынша қаулыны бірауыздан қабылдады. Енді осы құжаттар парламенттің қарауына енгізіледі.Қазақстан мұнай экспортынан жылына 40 млрд доллар пайда табады20 Тамыз, 21:20

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button