Бибісара Асаубаева ФИДЕ Гран-приіндегі күміс жүлдеге қатысты пікір білдірді
Бибісара Асаубаева © Sputnik / Владислав ВодневЖазылу
Бибісара Асаубаева Тбилисиде өткен әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-при турнирінде 2-ші орынға ие болды АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Тбилисиде өткен FIDE әйелдер Гран-при турниріндегі өнерін 5,5 ұпаймен аяқтады – ол екі жеңіске жетіп, жеті рет тең түсті, деп хабарлайды sports.kz. Бибісара Асаубаева Тбилисиде (Грузия) өткен әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приіндегі серияның бірінші кезеңіндегі жарысқа тоқталып, серияда әр қатысушы үшін үш турнир бар екенін айтты.
"Үздік 20 шахматшы бар және барлығы әр турнирде жеңіске жету үшін барын салып жатыр, нәтижесінде Әйелдер үміткерлері турниріне екі билет алады. Барлық жарысты жеңіліссіз орындап, ықтимал 9 ұпайдан 5,5 ұпай жинап, таза екінші орынға ие болдым", – деп жазды Бибісара Асаубаева.
Ол өзінің жазбасында қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс білдіріп, келесі жолы жеңіске жетемін деп уәде берді. Бірінші орынды Польша спортшысы Алина Кашлинская иеленді – оның 6 ұпайы бар (үш жеңіс және алты тең нәтиже). Грекиялық шахматшы Ставрула Цолакиду 5 ұпаймен (бір жеңіс және сегіз тең ойын) үшінші орын алды. Бибісара Асаубаева 2021 жылы шахмат тарихындағы ең жас блиц чемпионы болды, соның арқасында Гиннестің рекордтар кітабына енді, ал 2022 жылы блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды.