Спoрт

Головкин Олимпиададағы Қазақстан спортшылары туралы айтты

Геннадий Головкин© PhotoЖазылу

2024 жылы жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Франция астанасында өтеді АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин америкалық тілші Кевин Айолаға берген сұхбатында жазғы Олимпиада ойындарындағы қазақстандық спортшыларға қатысты үміттерімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.Кевин Айола Головкиннен Қазақстан үшін сәтті Олимпиада ойындарын не деп атауға болатынын сұрады. «Шынымды айтсам, мен максималистпін, егер алтын медаль болса, бұл мен үшін үлкен жетістік. Бұл өте ауқымды жетістік болады. Егер медаль болса. Спортшы ретінде Олимпиада – бұл тағдыр екенін түсінемін. Мұнда мәселе шеберлікте емес, тағдырдың жазуында», – деді Головкин. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Франция астанасында өтеді.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button