Елорда тынысы

Астанада қар тазалауға 2,1 мыңнан астам жұмысшысы тартылды

Снегопад в Астане© Sputnik / Санат ИмангалиевЖазылу

Бір түнде қаладан 20 мың текше метрден астам қар шығарылды АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. 19 ақпанда Астанада қар тазалау жұмыстарына 2,2 мыңға жуық жол жұмысшысы мен 1,3 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.»Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде бірнеше ауысымда жұмыс істеп жатыр. Күн сайын екі мыңға жуық жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника көшелерді, алаңдар мен тротуарларды қар мен мұздан тазартуға шығып жатыр», – деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Азаматтардың қауіпсіз қозғалысы үшін жолдарға, тротуарларға және көшелерге құм-тұз қоспасы себілген.Әкімдік ақпанның 18-нен 19-ына қараған түні қаладан 20 мың текше метрден астам қар шығарылып, полигондарға 1,6 мыңнан астам сапарға шыққанын хабарлады.Қысқы кезең басынан бері елордадан 350 мыңға жуық рейспен 4,7 миллион текше метрден астам қарды шығарылды.Сонымен қатар, Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button