Елорда тынысы

Елордадан бір түнде 16 мың текше метрден астам қар шығарылды

Снегопад в Астане© Sputnik / Санат ИмангалиевЖазылу

АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Елордадан бір түнде коммуналдық қызметтер 1,2 мыңнан астам жүк көлігіне тиелген қар шығарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Астананың коммуналдық қызметтері ауа райының қолайсыздығына, боран мен аязға қарамастан, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. «18 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 2,2 мыңнан астам жұмысшы мен 1,3 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себілді. Өткен түнде, яғни 17 ақпаннан 18-іне қараған түні қаладан 16 мың текше метрден астам қар шығарылды, полигондарға 1,2 мыңнан астам рейс жасалды», – деп жазылған хабарламада. Қыс басталғаннан бері 347 мыңнан астам рейс арқылы елордадан 4,7 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button