Оқиға

Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз қағып кетті

Поезд прибывает на станцию© Photo : Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»Жазылу

Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмағанАСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында теміржолда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.»Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы жағдай 21 қаңтарда таңғы сағат 07:27 кезінде Жиделі-Бірлік учаскесінде болған.»Шығанақ-Шу учаскесіне жақын маңда екі теміржолшы қайғылы жағдайға ұшырады. Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмаған. Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды», – деп хабарлады ҚТЖ.Компания қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button