Саясат

Бектенов премьер ретінде алғаш рет Тоқаевтың қабылдауында болды

Виды резиденции президента Казахстана – Акорды© Sputnik / Санат ИмангалиевЖазылу

Кездесуде заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтылдыАСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Үкімет басшысы еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспары туралы баяндады. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жайында мәлімет берді.Қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталған.Бектеновтің айтуынша, президенттің тапсырмасымен өнеркәсіптің перспективті салаларын қарқынды түрде дамытуға ерекше назар аударылып жатыр.Бұдан бөлек кездесуде заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтылды.Тоқаев премьерге елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 5 ақпанда Әлихан Смайылов басқарған үкімет отставкаға кетті. Көп ұзамай президент жарлығымен Олжас Бектенов Қазақстан премьер-министрі қызметіне тағайындалды.Мемлекеттік қызметте командамен көшу үрдісі тыйылмай тұр – Тоқаев тапсырма берді20 Ақпан, 15:38

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button