Қоғам

Шымкент әуежайы мамыр айына дейін күндіз жұмыс істемейді

Шымкент әуежайы© Sputnik / Айгерим ТаубайЖазылу

Шектеулер бірінші сәуірден басталадыАСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Шымкент әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты бір ай бойы күндіз жұмыс істемейді. Бұл туралы «SCAT» әуе компаниясы хабарлады.»2024 жылғы 1 сәуір мен 3 мамыр аралығында Шымкент әуежайы 10:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істемейді. Бұл уақытта ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары өткізіледі», – делінген хабарламада.Рейстерді орындау кестесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жолаушыларға әуе компаниялардың анықтамалық қызметтерінде, қосымшалары мен қызметтерінде рейстің мәртебесін нақтылау ұсынылады.Сондай-ақ әуежайға барар жолда жол жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жамылғысын жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушылар әуежайға алдын-ала келіп, кептеліске түспеу үшін көліктерін жаңа терминалдың тұрағында қалдырғаны жөн, деп атап өтті әуе компаниясындағылар.Душанбеден Астанаға жаңа рейс ашылады22 Наурыз, 20:13

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button