Оқиға

Талдықорғанда екі адамды бауыздап кетті

Архивтегі сурет© Sputnik / Абзал КалиевЖазылу

Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатырАЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Талдықорғанда екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Марқұмдардың денесі Ақсу көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен табылды.Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, екі адамның да мойны кесілген. Полиция бұл туралы жан-жақты ақпарат берілмейтінін айтты.»Қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – деді полициядағылар.Бұған дейін Шымкентте екі адамды өлтірген күдікті ұсталғаны хабарланған болатын. Бұған қоса қылмыскер тағы бір ер адамды пышақтаған. Ол тірі, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.Тәртіп сақшылары 28 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті – жұмыссыз.ОқиғаЕкі адамды өлтіріп, біреуін жаралаған: Шымкентте ауыр қылмыс жасалды6 Қаңтар, 10:50

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button