Қоғам

Қостанайда бұрынғы сот орындаушы мемлекет пайдасына өндірілген ақшаны жымқырған

Архивтегі сурет© Sputnik / Абзал КалиевЖазылу

Жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылғаннан кейін 6 млн теңгені өз шотына аударғанАСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Қостанай облысының прокуратурасы бұрынғы жеке сот орындаушының мемлекет пен өзге де өндіріп алушылардың пайдасына өндірілген қаражатты ұрлау схемасын анықтады.Бұрынғы жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылғаннан кейін 6 млн теңгеден астам ақшаны өндіріп алушыларға берудің орнына өз шотына аударған.»Бұл ақша – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары», – деп хабарлады облыстық прокуратура.Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыра отырып немесе онсыз, 4 мың АЕК-ке дейiн айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 4 жылға дейiн бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.Алматы облысында сот орындаушы балалардың алиментін ұрлаған28 Ақпан, 10:07

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button