Тарихқа енді: қазақстандық спортшылар көркем жүзуден әлем чемпионы атанды
Қазақстандық спортшылар көркем жүзуден әлем чемпионы атанды© Photo : Пресс-служба Федерации водных видов спорта Казахстана Жазылу
Наргиза Болатова мен Эдуард Ким су спортынан әлем чемпионатында жеңіске жетіп, сенсация жасадыАСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Көркем жүзуден алғашқы алтынды қазақстандық спортшылар Наргиза Болатова мен Эдуард Ким жеңіп алды, чемпионаттың баспасөз қызметінің пікірінше, олар Қазақстандағы осы спорт түрінің тарихына енді.© Photo : Пресс-служба Федерации водных видов спорта Казахстана Қазақстандық спортшылар көркем жүзуден әлем чемпионы атандыҚазақстандық спортшылар көркем жүзуден әлем чемпионы атанды© Photo : Пресс-служба Федерации водных видов спорта Казахстана «Қазақстан суда жүзуден әлем чемпионатында өзінің алғашқы алтын медалін жеңіп, көркем жүзуден сенсациялық атаққа ие бола отырып, Дохадағы тарихи түнді өткізді», – делінген хабарламада.Аралас дуэттер арасындағы сайыста (техникалық бағдарлама) біздің спортшылар үздік атанды.Қытай Қазақстаннан бес ұпайға қалып қойып, екінші орынды иеленді. Ал Мексика 11 ұпай аз жинап, үздік үштікті түйіндеді.